Спорт және туризм
ФУТБОЛ: Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды
- author «Ақ жол»
- 4 тамыз, 2014
- 593
ФУТБОЛ: Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды
Бүгін Қазақстан премьер-лига чемпионатының 22-турдағы ойындары аяқталып, еліміздегі доп додасының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Қайрат» (Алматы) және «Астана» (Астана) командалары турнир кестесінің алдыңғы үш орнына жайғасты. «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент) және «Қайсар» (Қызылорда) алғашқы алтылыққа енді.
Бүгін «Ақтөбе» өз алаңында «Таразды» қабылдады. Алаң иелері Роберт Арзуманян мен Марат Хайруллиннің 32 және 43-минуттарда салған голдарымен жеңіске жетті, есеп: 2:0.
Ал Қарағандыдағы ойында алаң иелері мен Павлодардың «Ертісі» 2:2 болып ойынды аяқтады. «Ертісі» үздік алтылыққа ене алмады.
Семейдің «Спартагы» Қостанайдың «Тобылын» 2:1 есебімен ұтқаны күтпеген жаңалық болды.
Атырауда «Қайрат» тағы да шеберлігін танытты, 23-минутта Жерар Гоу есеп ашып, командасын алға сүйреді. Екінші голды алаң иелері сапындағы Ренат Абдуллин өз қақпасына салып алды. 90-минутта Аслан Дарабаев соңғы нүктені қойды.
Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен «Астана» арасындағы матчта есеп ашылмады. Меймандар шведтің АИК командасымен өткелі тұрған қарымта кездесуге көбірек алаңдаған сияқты.
Шымкентте «Ордабасы» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен жеңді. Алаң иелері бірінші таймның үштен екі бөлігінде есепті 2:0-ге жеткізді. Гол авторлары - Еркебұлан Тұңғышбаев (11-минут) пен Дәуренбек Тәжімбетов (33-минут). Қонақтар сапынан жалғыз қарымта допты 88-минутта Елжас Алтынбеков қайтарды. «Ордабасы» - «Кайсар» 2:1 (2:0)
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




