Қарымды қаламгер, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Әбжапар Жылқышиевтің еңбек жолы мен ғибратқа толы ғұмыры көпшілікке үлгі. Оның «Ақ толқын», «Өмір жыры» секілді өзге де жинақтары оқырман қауымға етене таныс.
Даңқты жерлесіміздің есімін жас ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Әбжапар ауылында қазақ күресінен 2006-2008 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында ашық турнир өткізілді.
Додаға өңіріміздің жеті ауданынан көптеген балуандар қатысып, аламанның көркін қыздыра түсті. Олар жеті салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша 23 килограмм салмақта І орынды Әлішер Доғдырбай (Әбжапар ауылы), ІІ орынды Жасұлан Ойсекбай (Сәлімбай ауылы), ІІІ орынды Береке Дастанбек (Меркі ауданы) және Айдос Тұрсұнқұл иеленді. 26 килограмм салмақта І орын Рүстем Созақбай (Мойынқұм ауданы), ІІ орын Ержігіт Серік (Мойынқұм ауданы), ІІІ орын Нұрасыл Мұхамбеталыұлы (Әбжапар ауылы) және Ерасыл Асқарбекке (Меркі ауданы) бұйырды. 29 килограмм салмақ дәрежесінде І орынды Ұлан Ерланұлы (Меркі ауданы), ІІ орынды Ислам Советхан (Мойынқұм ауданы), ІІІ орынды Нұрлыбек Тоқтыбай (Өрнек ауылы) және Әсет Наурызбай (Сәлімбай ауылы) иемденді.
32 килограмм салмақта қарсылас шақ келтірмеген Аслан Рахметілда (Сәлімбай ауылы) топ жарса, ІІ орын Мансұр Темірхан (Меркі ауданы), ІІІ орын Ринат Тіленші (Өрнек ауылы) және Иманғали Арыстанбекке (Меркі ауданы) бұйырды. 35 килограмм салмақ дәрежесінде Әнуар Әбутәлік (Сәлімбай ауылы) жеңістің биік тұғырынан көрінсе, ІІ орынды Ермұрат Махманбетқұл (Сәлімбай ауылы), ІІІ орынды Асылбек Рысбек (Жуалы ауданы), Нұржас Қыдырбай (Сарысу ауданы) өзара бөлісті. 38 килограмм салмақта І орын Бейбіт Нұржанұлы (Меркі ауданы), ІІ орын Ерзат Ермекғали (Сәлімбай ауылы), ІІІ орын Сыпабек Әділ (Жамбыл ауданы), Ермахан Асланбекке (Байзақ ауданы) бұйырды. Ал +38 килограмм салмақ дәрежесінде ІІ орын Арнат Сазантай (Мойынқұм ауданы), ІІ орын Сабырбек Кемелбек (Мойынқұм ауданы), ІІІ орын Нұржігіт Сағынтай (Жамбыл ауданы), Ілияс Бескемпірдің (Өрнек ауылы) еншісінде кетті.
Түйе балуандар бәсекесінде сәлімбайлық Жанат Тәмбес жеңімпаз атанса, мойынқұмдық Дәулетжан Әбдібек екінші, тағы бір сәлімбайлық Нұрхат Тоқтарбек үшінші орынға лайық деп танылды. Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан әбжапарлық Дәулет Қазақбаев қаржылай демеушілік көмек көрсетті.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді