«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өңір әлеуетін саяхатшылар арқылы арт тыратын кез жақын

Өңір әлеуетін саяхатшылар арқылы арт тыратын кез жақын
ашық дереккөз
Өңір әлеуетін саяхатшылар арқылы арт тыратын кез жақын
[gallery bgs_gallery_type="slider" ids="92492,92493"]

Туризм – ұдайы дамуды қажет ететін сала. Әлем елдерінің бірқатары туристік секторды мейлінше жетілдірудің арқасында экономикасын өркендетіп, табыс тауып отырғаны жасырын емес. Жалпы 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласы, Жамбыл өңірі нағыз туристік орталық екені түсінікті. Саланың қадамын қарышты ететін басқарма ашылғанға дейін Жамбылдың туризмі туралап тұрғаны баршаға аян. Енді міне, Таразды танытатын, жаһанға мойындататын кез де келіп жеткендей.

Тараз қаласында «Ancient Taraz» атты халықаралық туристік форумы мен «Көне Тараз қолөнер шеберлері» көрмесі басталды. Шараға Ресей Федерациясы, Нидерланды, Украина, Польша, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы секілді көптеген мемлекеттерден арнайы делегаттар келіп қатысып, тарихи Тараздың өткенімен және бүгінімен танысты. «Форумды өткізудегі басты мақсатымыз – туризм саласына инвестиция тарту. Сонымен қатар инфрақұрылымды құру, балалар-жасөспірімдер туризмін өркендету, жалпы туризм саласының қадамын қарышту ету. Бұл форум сол ойлардың бүкпесіз айтылатын алаңы. Жиырма шақты мемлекеттен келген мәртебелі меймандардың, қолөнер шеберлерінің жиынға қатысуы – бір жағынан тәжірибе алмасу», – деді облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова шараның баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде. Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шәйкенова Тараз секілді ғажайып қала үшін тарихи құндылықтарын таныту, сол арқылы сала жұмысын ілгерілету – зор жауапкершілік екенін айтады. «Өйткені тарихи орындар мен құндылықтар бүгінгі таңда трендте. Сол себепті форум барысында түрлі жобалар назарға алынып, маңызды мәселелер сөз болатыны анық», – деген ол өңірде бұл саланың болашағы зор екеніне тоқталды. Кейіннен аталған қауымдастықтың президенті Роза Асанбаева өз ойымен бөлісіп, ізгі тілегін арнады. Баспасөз мәслихаты аяқталған соң форумның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл форумның туризм саласына берері мол екендігін тілге тиек етті. Ал Мәдениет және спорт министрлігінің басқарма басшысы Жалғас Балғожин форум жұмысына табыс тіледі. Шарада Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Тараз қаласы – тарих пен болашақтың тоғысар тұсы» тақырыбында ой қозғап, 15 ықшам ауданның және өзге де нысандардың эскиз жобасын таныстырды. Соңыра ресми тұлғалар қолөнер шеберлерінің экспозицияларын аралап көрді. «Қазақстанда туризмді дамыту перспективалары: туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру» тақырында өткен пленарлық мәжілісте де орамды ойлар айтылды. Жиында спикерлердің Жамбыл облысындағы туризм саласының даму жолдары туралы келтірген құнды пікірлері көпшілік көңілінен шықты. Облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке де осы мәселені әңгімеге арқау еткен еді шара барысында. Жалпы басқосуда баяндамашылар туризм саласын дамыту перспективалары мен жобаларға қатысты стратегияларды нақты деректермен сөз етті. «Ақыртас» кешені мен «Айша бибі» кесенесі хақында да ойлар айтылды. Бірнеше маңызды меморандумдарға қол қойылды. Үш күнге созылған форум аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Ең бастысы шет мемлекеттерден келген мәртебелі меймандар көне шаһардың бай тарихын көріп, таңданыстарын жасырмады. Халықаралық форум бүгін мәресіне жетті. Жоғары деңгейде өткен шара алдағы уақытта өз нәтижесін беретіні талас тудырмайды. Қысқасы, облыстың әлеуеті жиында халықаралық деңгейде насихатталды.

Табиғат Мұсылманқұлұлы. Тараз қаласы.

Суреттерді түсірген: Ақәділ Рысмахан.

Ұқсас жаңалықтар