Өткеннен ұлағат ұқтырған

Өткеннен  ұлағат ұқтырған
ашық дереккөз
Өткеннен ұлағат ұқтырған

Тарих қойнауынан сыр шерткен Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы – халқымыздың тарихи даму жолын терең толғаған еңбек.

Мақаланың «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» тарауында қазақтың мәдениетіндегі көптеген дүниелердің пайда болғаны сараланған. Бүгінгі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған қазына бұйымдарымыз өз өлкемізден табылғаны туралы айтылады. «Ұлы Даланы мекен еткен халықтар өз тіршілігінде көптеген жаңалықтар ойлап тауып, жаңа құралдар жасаған және бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді» делінген. Елбасы көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.
Мақалада тамыры терең Ұлы Даланың жеті қырын тұтас қамтыған Елбасының дүниетанымдық көзқарасы мен пайымдаулары бар. Сонымен қатар мәні мен мазмұны мол мәңгі ғасырлық тарихымыз Елбасының жүректегі толғаныстарымен орын алған. Сондай-ақ әрбір бөлімінде бүгінгі тарихымыз бен қазақ елінің рухани құндылықтары, Ұлы Дала тарихының оқиғалары деректермен дәйектелген. Атап айтқанда, «Аң стилі: біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған Ұлы Даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын көрсеткен. Өз жазуы мен мифологиясы бар еліміздің ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті, олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі бүгінде «аң стилі» өнері болып табылады. Егемен еліміздің символдарының бірі – тұрпаты текті «Қар барысы» екені белгілі. Сондықтан аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналатын тәуелсіздігімізді төрткүл дүниеге танытқан ұлттық спортымызды ұлықтау жолдарында жеңісті орын алған спортшыларымыздың жетістіктерін «Қар барысы» символымен түсіндіруге болады» дейді.
Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласынан басты ұстанымдарын саралаған көзқарасын, болашаққа қадам жасаған бағдарынан байқаймыз. Елбасы мақалада өнерді (спортты) қолдауға көп көңәіл бөлініп, туризм мен спортты дамытудың маңыздылығын өз ой-танымымен білдіреді.
«Тарихи сананы жаңғырту» атты тарауда көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей атсалысуын айқындап берді. Мақалада бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болатыны айтылған.
Елбасы мақаласының «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты бөлімінде тарихи үдерістер негізінен тұлғаландыру сипатына ие болатыны айтылған. Көптеген халықтар ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Ал біз Ұлы Дала тұлғалары әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғаларды ұрпаққа үлгі етіп, есімдерін қазақ даласына ұлықтата аламыз. «Сондықтан біз, біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек» делінген. Осы бөлімде еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажеттілігі айтылған.
«Ұлы Даланың жеті қыры» мақалада тарихымыз бен еліміздің басынан өткерген сындарлы уақыты және халықтың рухани-мәдени құндылықтары тарих қойнауынан шежіредей сыр шертіп, Елбасының назарынан тыс қалмаған.

Бекболат ШИЛІБАЕВ,
ТарМПУ доценті, аймақтық менеджмент академиясының
қауымдастырылған профессоры.

Ұқсас жаңалықтар