Спорт және туризм
Руслан Жапаровтың командасы үздік үштіктен көрінді
- author «Ақ жол»
- 6 желтоқсан, 2018
- 664
Руслан Жапаровтың командасы үздік үштіктен көрінді
Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Фуджейра қаласында таэквондодан командалық әлем чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа әлемнің мықты командалары қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл аламанда қазақ жігіттері барын салып бақты. Әйткенмен алтын жүлдені жеңіп алудың сәті түспеді. Дегенмен жампоздар жүлделі орыннан көріну үшін жан аяған жоқ. Соңғы сәтке дейін күштерін сарқа жұмсады. Алғашқы кездесулерде жасындай жарқыраған ұлттық құрама жігіттері жартылай финалда дода жеңімпаздары Иран құрамасына есе жіберді.
Бұл жарысқа ұлттық құрамамен бірге жамбылдық таэквондошы Руслан Жапаров та аттанған болатын. Ол 80 килограммнан жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынағанын айта кеткен жөн. Жалпы алғанда командалық әлем чемпионатында Руслан Жапаровтың командаластарына үшінші орын бұйырды.
Командалық әлем чемпионатында бақ сынаған жерлесіміз бұған дейін Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан-ды. Сондай-ақ ол Индонезияда өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанған болатын. Түрлі деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген Русланның болашағы зор екені сөзсіз. Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




