Азия чемпионатынан екі бірдей қола жүлде алып қайтты
- author «Ақ жол»
- 1 желтоқсан, 2018
- 617
Тараздық жас шахматшы Бибісара Абылайқызы күні кеше ғана Ташкент қаласында Азияның батыс аймағы бойынша өткен чемпионаттан шахматтың стандартты және жылдам ойын түрлерінен екі бірдей қола жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Бибісара алты жаста ғана. Ата-анасы мектепте ұстаз, ал әпкесі шахмат спортынан бапкерлік етеді. «Ақылдылар ойыны» оның отбасы үшін де жат емес. Содан да болар Бибісара төрт жарым жасында-ақ шахмат үйрене бастаған. Осы күнге дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Сегіз жасарлар арасында өткен облыстық чемпионатқа 5 жасында қатысып, жүлделі 2-орынға ие болыпты. Ал биылғы 4-16 қаңтар аралығында Алматы қаласында өткен республикалық біріншілікте жеңімпаз атанған. Сондай-ақ биылғы жаз айларында Ыстықкөлде (Қырғыз Республикасы), Түркістан облысында, Бурабай курортты аймағында ұйымдастырылған халықаралық және республикалық турнирлерде бірінші орынды иеленген. Енді, міне, іргелес Өзбекстан мемлекетінде жалауы желбіреген додада ел намысын қорғап, екі бірдей қола жүлдені қоржынына салып қайтты. Талантты жас шахматшыға бұл жолы Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры Мұқаш Ескендіров демеушілік көрсеткен екен. Белгілі меценат Бибісараның әлі де талай биіктерді бағындыратынына нық сенімде.
«Aq jol-Аqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




