«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Радикалды діни көзқарастарға қарсы күресудеміз

Радикалды діни көзқарастарға қарсы күресудеміз
ашық дереккөз
Радикалды діни көзқарастарға қарсы күресудеміз
Еліміздің Конституциясы Қазақстан Республикасын зайырлы мемлекет ретінде танытады. Қазіргі уақытта дінге деген қызығушылық пен жаңа діни көзқарастың пайда болуына байланысты, қазақстандық қоғамда өзіндік рухани қайта өрлеу байқалады. Осы тұрғыда діндарлық ахуалды, түрлі діни институттардың дамуын, халықтың дінге деген көзқарасы мен жағымсыз үдерістерді қадағалау  процесін зерттеу, жалпы халық арасында кеңінен таралып, маңыздылығы артып барады. Әсіресе, осы мәселелерді терең зерттейтін және жалпыұлттық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға жағымды әсерін тигізетін қоғамдық ұйымдардың рөлі  ерекше. ҚР Қоғамдық даму министрлігінінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ 2018 жылы мемлекеттік гранттық қаржыландыру шеңберінде дін саласында бірнеше жобаларға қолдау көрсетті. Бұл жобалардың іске асырылуы Қазақстандағы діни жағдайды зерттеуге және осы бағыттағы іс-шараларға кешенді ұсыныстар  құруға мүмкіндік берді. «Қазақстандағы дін саласының жалпы жағдайы туралы баяндама дайындау: өзекті мәселесі мен болашағы» жобасы осы мәселенің негізгі жобаларының бірі болып табылады. Жобаның мақсаты Қазақстандағы діни салаларды зерттеу, олардың өзектілігін, болашақта дамуын анықтау. Жобаны «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігі іске асыруда. Осы жоба шеңберінде, ашық деректерге сүйене отырып, халықтың пікірін анықтау, дін саласының сарапшыларын табу мәселелерінде  кешенді зерттеулер жүргізіліп, Қазақстан Республикасындағы  діни ахуалдың  қазіргі жағдайына салыстырмалы талдау жасалынды. Жоба аясында діни экстремизмді таратуға қарсы тұру механизмдеріне, халықаралық тәжірибеде радикализм және радикалды көзқарасты ұстанатын адамдардың бетін ашу үшін шетелдік тәжірибелерді зерттеп білу, радикализмге қарсы тұрудың алдын алу шаралары және оңалту жұмыстары тәжірибесімен бөлісуіне контентті талдау жасауға ерекше көңіл бөлінген. Радикализм мен діни экстремизмді таратуға қарсы тұрудағы отандық сәтті тәжірибелерді талдау да  жобада маңызды орын алады. Жалпы зерттеу барысында 2500 адамның, 30-дан астам сарапшының пікірлері ескерілді. Жоба жұмысына «Перспектива» ақпараттық-кеңес тобы» ҚҚ  және  «Әлеуметтік инновациялар мен технологияларды дамыту орталығы» ҚҰ сияқты қоғамдық ұйымдар катарынан серіктестер жұмылдырылды. 2018 жылдың 15- қарашасында Алматы қаласында барлық мүдделік құрылымдарға, оның ішінде мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдеріне жобаның нәтижесі көрсетілді. Қоғамда радикалды діни көзқарастарды тарату және діни доктриналарды теріс түсіндіру орын алғандықтан, қазақстандық исламтану мектебінің дамуына да елеулі маңыз берілуі тиіс. Сарапшылардың көпшілігінің пікірі бойынша Қазақстанда ислам мен қазақ халқының дәстүрі, этно-мәдени құндылықтарының бірігу процесі байқалған. Қазақ мәдениетінің, ұлттық менталитетінің құрылу барысында, оның ажырамас бөлігіне айналған ислам дінінің рөлін атап өтпеуге болмайды. Осы тұрғыда мемелекеттік гранттық қаржыландыру шеңберінде 2018 жылы «Рухани құндылықтарды қолдау қоры» ҚҚ «Қазақстандық исламтану мектебін дамытуға арналған зерттеу жұмыстары» жобасын жүзеге асырды. Ислам мен Ұлттық мәдениеттің байланысын анықтаудағы исламтанудың рөлін талдауға кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстанда исламның дамуының қыр-сырын көрсететін Құран мен хадистерді талқылауға теологиялық-әдістемелік негіздер жасауға қатысты. Жоғарыдағы шараларды өткізу барысына ғылыми қоғамдастықтар өкілдері мен дін саласындағы сарапшылар: Дербісәлі Әбдісаттар, Муминов А.К., Кенжетаев Д.Т., Керім Ш.Т., Мұхитдинов Р.С., Қыдыр Т.Е., Исахан М.Б., Әділбаева Ш., Құрманбаев Қ., Самет Оқан, Сатыбалдиева А. және де аудармашылар – Бердалиев И., Мұстафаева К.М., Имамумади Т. іске тартылды.  Жоба қорытындысы бойынша 11 тақырыптық зерттеулер жүргізіліп, 5 шетелдік дін мамандарының еңбектері мен дереккөздері мемлекеттік тілге аударылатын болады. Жобаның барлық зерттеу жұмыстары қорытынды жинаққа енгізіліп, қоғам өкілдеріне қол жетімді болады.Осы жобаның іске асырылуына қарай,  қазақстандық исламтану мектебінің даму жағдайы мен кезеңдері туралы мағлұматты кеңейтуге, Қазақстанда ислам негізін дұрыс қалыптастыратын пәрменді механизм құруға, сонымен қатар радикалды идеологиялық ағымдардың дамуына кедергі жасауға мүмкіндік аламыз. Қазақстан халқының діни сенімділігінің дамуына байланысты, ақпараттық-насихаттау топтарын құру және  біліктілігін арттыру мәселесі туындап отыр.  2018 жылы аталған істі мемелкеттік гранттық қаржыландыру аясында «Парасат» кеңестік-әдістемелік орталығы» мекемесі, «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерін дайындау, қайта дайындау жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы шеңберінде өткізеді. Бұл жоба төңірегінде Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қызметіне мониторинг және сараптау шаралары өтті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мақсатында, АТТ мүшелерінің сапалы және толыққанды құрамын үйлесімділеу, алдағы жұмыстарының бірегей алгоритмін жасауды ескере отырып,  дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшелерін дайындау, қайта дайындау тұжырымдары, 40 академиялық сағат көлеміне сай 4 модульден құралған оқу бағдарламасы, АТТ мүшесіне қойылатын кәсіби талаптар мен жұмыстың бірегей алгоритмі және аттестатауға арналған материалдар дайындалып ҚР ҚДМ ҚКК-мен мақұлданды. Сондай-ақ, дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшелерін дайындау, қайта дайындауға бағытталған, еліміздің барлық аумақтарының өкілдерін қамтитын көшпелі курстар ұйымдастырылған. «Экстремистік идеология әсеріне душар болған, халықтың әлсіз санаты арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу туралы әдістемелік нұсқаулық» және «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерін дайындау, қайта дайындау» анықтамалық-әдістемелік оқу-құралы шығарылды. Жоба нәтижесінде, байланыс ақпараты, қызмет бағдары, мәлімдемелердің бағыты мен тақырыбы көрсетілген АТТ мүшелерінің барлық деңгейдегі бірыңғай электрондық дерекқоры құрылды. Қорытындылай келе, азаматтық қоғам өкілдерінің пікірін ескере отырып осы жобалардың, іске асуы дін мәселелерін шешуде түбегейлі жаңа, сапалы тәсілдерді құруға және маңызды стратегиялық мәселелерді шешуге үлкен себін тигізеді деп санаймыз. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ  

Ұқсас жаңалықтар