Сонымен он жыл бойы әлем үздігі атанған португалиялық футболшы Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Мессидің дәуірі аяқталған сияқты. Аттары аңызға айналған екі үздік биыл «Алтын доп» бәсекесінен тыс қалды. Ал соңғы күндері аталмыш сыйлық әлем чемпионы, франциялық Антуан Гризманнға беріледі деген сыбыс қаптап кетті. Қаншалықты шындыққа сай келетінін кім білсін?
Италиялық белгілі спорт журналисі Танкерди Пальмери де жыл үздігі
Антуан Гризманн атанатынын алға тартып отыр. «Дереккөздер «Алтын доп» Антуан Гризманнға бұйырады дегенге саяды. Бұл мәлімет шындыққа жанасатын секілді. Әлбетте, бәрін уақыт көрсетеді ғой», - дейді ол.
Бұған дейін ФИФА жыл футболшысын анықтаған болатын. Ол тізімнің үздік үштігіне Антуан Гризман енбей қалып, марапатты хорватиялық Лука Модрич иеленген еді.
Испанияның «Атлетико» командасының намысын қорғайтын Антуан Гризманн бұл сыйлыққа әбден лайық. Бірнеше маусым бойы тамаша ойын үлгісін көрсетіп жүрген франциялық футболшы Ресейде өткен әлем чемпионатында жасындай жарқырап, ұлттық құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған-ды.
«Алтын доп» иегерін марапаттау рәсімі үшінші желтоқсанға белгіленген. Не болса да, сол күні шын мықтының есімі жарияланбақ.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




