Үндістанда өтіп жатқан арулар арасындағы әлем чемпионатында қазақ қыздары екі медаль иеленді. Ал медальдың сапасы қандай болатыны алдағы күндері анықталады. Бірінші болып жартылай финалға 60 килограмм салмақ дәрежесіндегі Карина Ибрагимова жолдама алды. Ол қытайлық былғары қолғап шебері Венгли Янгты 5:0 есебімен жеңіп, жанкүйерлерді қуантты.
Жартылай финалдың екінші жолдамасын 51 килограмм салмақта сынға түсіп жатқан Жайна Шекербек қоржынымызға салды. Ширек финалдық жекпе-жекте Польша елінің спортшысы Сандра Драбикті
ойқастап жүріп ұтқан Жайнаның жеңісі бокс десе ішкен асын жерге қоятын қазақстандықтарды сүйсінткені анық. Енді аттары аталған екі боксшымыз алтыннан алқа тақса дейміз.
Өкінішке қарай 64 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Милана Сафронова украиналық Мария Боваға жеңіліп қалса, +81 килограмм салмақтағы Ләззат Күнгейбаева америкалық Даниэль Перкинстен айласын асыра алмады. Сондай-ақ 81 килограмм салмақ дәрежесіндегі Фариза Шөлтайға да жүлде бұйырмады. Бүгін боксшылар жартылай финалдық кездесулерге қатысса, 24 қараша күні финалдық шайқастар өтеді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




