Әзиз Қалқаманұлы жеңіске жетті
Дзюдо күресінен Астана қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына аттанған жамбылдық дзюдошылар ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізуде. Әсіресе жұртшылық 90 килограмм салмақтағы Әзиз Қалқаманұлынан үміт күткен еді.
Ел біріншілігінде жасындай жарқыраған Әзиз сенім үдесінен шыға білді. Дода барысында қарсыластарынан мықты екенін дәлелдеген жерлесіміз алтыннан алқа тағынды. Ақтық сынға дейін алқынбай жеткен Әзизге финалдық белдесу оңай соққан жоқ. Өйткені шешуші кездесуде ол Гран-при кезеңдерінің бірінде топ жарған қарағандылық Ислам Бозбаевқа қарсы татамиге шықты. Бұл күні Әзиздің мерейі үстем болып, жеңімпаз атанды. Бозбаев күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ерлер арасындағы аламанда тағы бір жерлесіміз жүлдегерлердің қатарынан көрінді. 60 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен Нұр Аманшүкіров үшінші орынға ие болды.
Қыздар арасындағы жарыста да қоржынымызға бірнеше медаль түсті. Алдымен 52 килограмм салмақ дәрежесіндегі Ақмарал Ерназар қола жүлдегер атанса, 57 килограмм салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Аида Карчаева да үздіктер қатарын толықтырды. Аидаға да қола медаль бұйырды. Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




