Спорт және туризм
Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
- author «Ақ жол»
- 1 тамыз, 2014
- 848
Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы белдігінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов осы салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлім етті.
«Мен Головкиннің соңғы кездесуін көрдім. Шынымды айтсам, Дэниел Гилге көңілім толмады. Менің пікірімше, тұрақты чемпионның суперчемпионмен жұдырықтасқаны жөн.
Жұрттың көпшілігі Геннадиймен теке-тіресе алатын қарсылас жоқ дегенді айтады. Өкінішке қарай, екеуміздің кездесуіміз туралы келіссөздер ұзаққа созылуда. Ал мен үшін спорт әлеміндегі жұлдызға айналған Геннадий Головкинмен шаршы алаңда шайқасу - үлкен мәртебе», - дейді Дмитрий Чудинов.
Еске сала кетсек, ол 9 тамызда француз Мехди Буадлмен кездеседі. Бұл ресейліктің чемпиондық белдігін қорғаудағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




