Фируза Шарипованың шайқасын «Хабар» телеарнасы көрсетеді
- author «Ақ жол»
- 15 қараша, 2018
- 671
Кәсіпқой бокстан қазақ арулары арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Фируза Шарипова 22 желтоқсанда өзінің ең қиын жекпе-жектерінің бірін өткізеді деп күтілуде. Санкт-Петербург қаласында WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, финляндиялық Ева Вальстреммен қолғап түйістіретін жерлесіміздің жеңістен үміті зор. Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Фируза өзіне тиесілі IBO тұжырымының белбеуін бәске тіксе, Ева Вальстрем WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салуға әзір. Жеңгені екі тұжырым бойынша әлем чемпионы атанады. Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өтетін жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Бокс кеші 22 желтоқсан күні сағат 23:00-де басталмақ. – Ева Вальстремге қарсы шайқасты Финляндияда өткізу туралы әңгіме болғаны рас. Алайда біздің тарап басымдықты қолға алғысы келді. Кездесуді өзіміз ұйымдастыруға күш салдық. Өйткені бокс кешіне ұйытқы болған тарап қай жағынан алсақ та, басымдыққа ие болатыны сөзсіз. Бұған Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы шайқас дәлел. Егер кездесуді ұйымдастыру жұмыстарымен Головкиннің командасы айналысқанда төрешілер жеңісті Альвареске емес, Головкинге берер еді деп ойлаймын. Сондықтан біз Фирузаға мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Енді ол алаңсыз дайындалып, үмітті ақтауы тиіс, – дейді Фируза Шарипованың менеджері Сергей Завилейский.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




