Каратэден Испания астанасы Мадридте өткен әлем чемпионаты ұлттық құрама үшін табысты аяқталды деуге негіз бар. Жарыстың соңғы күндерінің бірінде қоржынымызға қола медаль түсті. Жалпы Қазақстан сайыпқырандары екі салмақта жүлде алатын мүмкіндікке ие болған еді. Алайда 84 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Юлдашев ирандық спортшыға есе жіберіп, жеңілістің ащы дәмін татты. Әлбетте, әлем чемпионы деген атағы бар ирандық спортшы өзінің шын мықты екенін танытып, осыдан біршама уақыт бұрын кеткен есесін қайтарды. Әйткенмен әлем чемпионатында Дархан Асаділов жасындай жарқырады. Латвиялық спортшымен кездесуге шыққан отандасымыз жеңіске деген зор құштарлықтың арқасында қола медаль иегері атанды. Сәт сайын ұпай санымен ұтылып келе жатқан Дархан арада аз ғана уақыт өткенде есепті теңестірумен болды. «Дархан қашан басымдыққа ие болар екен?» деген сауал көкейде атой салып тұрғаны да рас. Соңғы секундтарда өзінің шын шебер екенін әйгілеген қазақстандық спортшы 5:4 есебімен алға шығып, жеңісін нығырлай түсті. Испания астанасы Мадридте өткен әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінген Дархан Асаділов жетістігіне тоқмейілсімей, алдағы уақытта бұл нәтижені үстемелеп, әлем чемпионы атануды көздейтіні анық.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




