Он жылдан кейінгі үзіліс
Роналду мен Мессидің дәуірі аяқталды ма?
Соңғы он жыл бедерінде әлемнің үздік футболшысына берілетін «алтын допты» португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси ешкімге бермей, кезектесіп алып келген болатын. Биыл сол үрдіс үзілетін сияқты.
Әзірге дауыстардың жартысы саналыпты. Қазіргі кезге дейінгі деректерге сүйенсек, «алтын доптан» үміткерлердің үздік үштігіне Криштиану Роналду мен Лионель Месси енбей қалған. Есесіне Мадридтің «Реалының» намысын қорғап жүрген хорватиялық Лука Модрич пен франциялық Рафаэль Варан және Францияның «ПСЖ» футбол клубының ойыншысы Килиан Мбаппе әзірге үздіктер қатарында келеді.
Дереккөздер «Ювентус» футболшысы Роналду мен «Барселона» үздігі Мессидің мықтылар қатарынан көрінбеуіне Ресейде өткен соңғы әлем чемпионаты әсер етіп отырғанын алға тартады. Аталмыш әлем біріншілігінде Франция әлем чемпионы атанса, Хорватияға күміс медаль бұйырған-ды. Сол додада Месси мен Роналдудың ұлттық құрамалары айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмады.
Роналду мен Мессидің дәуірі басталғанға дейін «алтын допты» 2007 жылы бразилиялық Кака иеленген еді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Қазақ жігіті Америкада топ жарды
- 11 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді