Спорт және туризм
Головкин мен Гил кездесуі кәсіби бокстағы үздік жекпе-жектердің қатарына енді
- author «Ақ жол»
- 31 шілде, 2014
- 683
Головкин мен Гил кездесуі кәсіби бокстағы үздік жекпе-жектердің қатарына енді
WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің австралиялық Дэниэл Гилға қарсы жекпе-жегі «Чемпионат» сайты нұсқасы бойынша кәсіби бокста шілде айындағы ең үздік жеті жекпе-жектердің қатарына енді.
Бокстан орта салмақ дәрежесінде WBA (Super) мен IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин австралиялық боксшы Дэниэл Гилді 3-ші раундта сұлатып салды.
Естеріңізге салайық, Г.Головкиннің 33 жастағы Дэниэл Гилге қарсы кездесуі 27 шілдеде Нью-Йорктегі 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында өттi. Жекпе-жек HBO телеарнасы арқылы 100-ден астам елде көрсетiлдi. Бұл - Геннадийдің кәсіпқой бокстағы 30-шы кездесуі.
Осы кездесу барысында Геннадий қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберген еді. Ал жалпы, осы шаршы алаңдағы жұдырықтасуында қазақстандық боксшы өзінің WBA чемпионы титулын 11-ші рет қорғады. Ол 30 кездесудің 27-сiн нокаутпен жеңген болатын.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




