«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Премьер-лигада кездескенше

Премьер-лигада кездескенше
ашық дереккөз
Премьер-лигада кездескенше
Футболдан Қазақстан бірінші лигасы аяқталды «Тараз» футбол клубы бірінші лигадағы соңғы ойынын Маңғыстау облысының «Каспий» командасына қарсы өткізді. Премьер-лигаға жолдама алып қойған жамбылдықтар үшін бұл ойын «жолдастық кездесу» секілді көрінді. Ойын барысында екі команда да ғажап ойын үлгісін көрсетті деуге келмейді. Әлбетте, жерлестеріміз жеңіске жету үшін талпынып көрді. Алайда нәтиже шықпады. Қонақтар да бірнеше мәрте шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен бірінші лигада барлық мәселе шешіліп қойғандықтан, қос команда футболшыларының жанарында жалын ұшқындап тұрды деп айта алмаймыз. Жасыл алаңда тоқсан минут бойы тоқтаусыз жүгірген футболшылар ақыры гол соға алмай, 0:0 есебімен тең тарқасты. Енді «Тараз» футболшылары келер маусымға, яғни премьер-лига ойындарына алаңсыз дайындала берулеріне болады. Бірінші лига чемпиондары Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен күміс жүлдегер «Тараз» командасы премьер-лига жолдамасын мерзімінен бұрын жеңіп алғаны туралы бұған дейін де хабарлағанбыз. Бірінші лиганың қола жүлдесі Шымкенттің «Қыран» футбол клубына бұйырды. Аталмыш команда енді премьер-лигада ойнау үшін жоғары топта 10 орын иеленген клубқа қарсы електік кездесуге қатысады.   Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Ұқсас жаңалықтар