Еншімізде – 2 алтын, 2 күміс
Мысырдың Хургада қаласында биатл және триатлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Бірнеше күнге созылған байрақты бәсекеге 16 мемлекеттің кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін мықтылары қатысып, дода көркін қыздырып бақты. Әлем біріншілігінде жалпы саны 400 спортшы бақ сынаған болатын.
Жаһандық аламанда топқа түскен саңлақтардың қатарында жамбылдық спортшылар Темірлан Әбдірайымов, Дарья Кузьмина секілді сайыпқырандарымыз да болды. Оларды бұл жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Сергей Селиверстов бастап барды.
Бірнеше күн бойы жалғасқан әлем чемпионаты жамбылдық спортшылар үшін толайым табысқа толы болды. Анығырақ айтсақ, бірінші болып топқа түскен Темірлан Әбдірайымов алдымен биатлдан бірінші орын иеленіп, мерейімізді үстем етсе, кейіннен триатл бойынша күміс жүлдегер атанып, нәтижесін үстемеледі.
Дарья Кузьмина да жүлдеден тыс қалған жоқ. Ол да алдымен биатлдан чемпион атанып, артынша триатл спорты бойынша екінші орын тұғырынан көріне білді.
Жалпы, Мысырда жалауы желбіреген әлем чемпионаты тартысты өтті. Әлемдік додада екі алтын, екі күміс иеленген жамбылдықтардың жетістігі ұлттық құрама үшін де зор мақтаныш екенін айта кеткен жөн.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




