Жаңабаевтың жарқын жеңісі
Кәсіпқой бокс әлемінде бақ сынап жүрген жамбылдық жампоз Нұрсұлтан Жаңабаевты біраз уақыттан бері жоғалтып алған едік. Енді міне, жерлесіміз шаршы алаңға қайта оралып, бесінші жекпе-жегін өткізді.
Бірінші орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген Нұрсұлтан бұл жолы танзаниялық Кулва Бушириге қарсы шаршы алаңға шықты. Шайқас бастала салысымен өзінің шын мықты екенін әйгілеген жерлесіміз бірінші раундта-ақ жекпе-жекті аяқтады. Осылайша Ресей Федерациясында өткен бесінші кездесуінде мерейі үстем болды.
«Раунд басталған сәтте-ақ Нұрсұлтанның қарсыласы бірнеше жойқын соққыны өткізіп алды. Сондай мығым соққылардың бірі дарыған кезде ол жарақат алды. Нұрсұлтан әрмен қарай сериялық шабуылдарын жалғастырған еді. Алайда шаршы алаңдағы төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты. Мен бұл шайқаста Нұрсұлтан бірнеше раунд жұдырықтасып, өзін сынап көреді деп ойлаған едім. Бірақ шайқас жылдам аяқталды», – дейді жерлесіміздің бапкері Сағатбек Мұсаханов.
Бесінші жекпе-жегін жарқын мәнерде аяқтаған Нұрсұлтан Жаңабаев желтоқсан айының жиырма үші күні шаршы алаңға оралады деп күтілуде. Ол кезекті жекпе-жегін Мәскеуде немесе Канадада өткізуі бек мүмкін.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




