Дзюдо күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қоржынымызға екі бірдей қола медаль түсті. Алдымен 73 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Жанболат Бақбергенов жеңіске деген жігерінің арқасында үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бірқатар аламандарда жақсы нәтижелерімен көзге түсіп жүрген ол үшінші орын үшін өткен белдесуде ресейлік Давид Гамасовты жеңіп, мерейімізді тасытты. Осы додада аралас командалық сында топқа түскен Қазақстан дзюдошылары да қола жүлдені қоржынымызға салды. Жарыс барысында кейбір спортшыларымыз бабында болмағаны айқын аңғарылып тұрды. Әйткенмен жастарымыздың бойынан жеңіске деген құштарлықты байқадық. Құрамында Бауыржан Нарбаев, Аңсар Ғайнуллин, Жанболат Бақбергенов, Ерасыл Болат, Ғалия Тынбаева, Мөлдір Нарынова, Ақмарал Науатбек, Аида Карчаева сынды кіл мықтылар топтасқан ел құрамасы жартылай финалда Бразилия құрамасына 1:5 есебімен есе жіберген соң үшінші орын үшін өткен кездесуде Франция құрамасынан айласын асыра білді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




