Спорт және туризм
Тараздық төреші тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалында қызмет етеді
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2014
- 628
Тараздық төреші тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалында қызмет етеді
Отандық футбол тарихында алғаш рет қазақстандық төреші Еуропа чемпионатының финалдық ойынына төрелік жасайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Тарқата айтсақ, Тараздың лайнсмені Евгений Бельский Германия мен Португалия жастар құрамасы арасындағы ойынға қызмет ететін төрешілер бригадасының құрамына енгізілді.
Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалы 2014 жылғы 31 шілдеде Будапешт қаласында Астана уақыты бойынша сағат 22:45-те өтеді. Ойынды Eurosport арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.
Матчтың бас судьясы - Хавьер Эстрада Фернандес (Испания). Қапталдағы төрешілер: Даррен Ингланд (Англия), Евгений Бельский (Қазақстан). Резервтік судья болып Инеа Джорджи (Албания) тағайындалды. Матч инспекторы словяндық Йосеф Марко.
УЕФА турнирінің финалдық ойынына отандық төрешіні тағайындау қазақстандық судьялық жүйесі беделінің артқандығын, Еуропалық футбол қауымдастығы тарапынан үлкен сенім білдірілгенін көрсетеді», - деп атап өтті Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен.
Евгений Бельский 1981 жылы туылған, Қазақстанның жетекші лайнсмендерінің бірі. ХФФ ассистенті болып соңғы он жыл ішінде жұмыс істеп келеді. Венгриядағы турнирде қазақстандық төреші бір жартылай финалды қосқанда төрт матчқа қызмет етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




