«Менің моламды қазып, сүйегімді қорлаған жанды тозақ күтеді». Бұл мысыр перғауындарының табытындағы жазу. Өткен ғасырдың 70-жылдарында француз ғалымдары пирамиданың жерасты қуысына жасырылған бір перғауынның табытын табады. Табытты ашпас бұрын олар шекіп жазылған жазуларды көреді. Бірақ белгісіз таңбаларды оқи алмай, табытты ашып зерттепті. Арада жылдар өткен соң ғалымдар əлгі жазуды қиюластырып оқып шықса, «Менің моламды қазып, сүйегімді қорлаған жанды тозақ күтеді» деген қарғыс екен. Кейін сол қабірді ашқандардың барлығы белгісіз дерттен қайтыс болыпты. Иә, мысырлықтар өз патшасын (перғауын) жерлер кезде адамдар таба алмайтын жерге жасырып, түрлі амалдар қолданғаны белгілі. Мәселен, олар табытқа ғасырлар бойы күшін жоймайтын у жағып, сиқыршылардың көмегімен қарғыс жаздырған. Қазірдің өзінде пирамидаларды рухтар мен жындар қорғайды деген аңыздар жеткілікті. Тіпті пирамидаға кіргендердің кейбірі күлген, айқайлаған дыбыстарды естиді екен. Мысалы, ағылшын саяхатшысы Джимс Бруктің күнделігінен мына жайтты оқуға болады: 1768 жылдың жазында ол патшалар жерленген алқапқа барған.Түнде шатырда ұйықтап жатқан оны белгісіз біреу түртіп оятқан. Көзін ашқан бойда бойын үрей билеп тұра қашқан. Содан соң ол Ніл өзенінің жағасына барып, есін жиған екен. Оны қорқытқан күш не? Белгісіз. Əлі күнге перғауынның табытын ашқан бірде-бір ғалым аман қалған емес. Перғауынның табытын ашу – өмірмен қоштасу екені өткен ғасырдың ортасында ғана белгілі болды. Мәселен, 1805 жылы дәрігер Б.Гендерсон екі мумияны ұрлап бара жатып жынданып кеткен. Мысырды армансыз шарлап, перғауындардың табытын зерттеген ғалым Лидманның да аяқ астынан есі ауысыпты. Дәл осындай қарғыс арқалаған өлкеге Жəбел-Əбу-Сиром үстірті жатады. Ол жерде перғауынның мүрдесімен бірге алтындары көмілген және 5 мыңнан астам адамның мəйіті бар. Мұнда да зерттеу жасаған ғалымдардан аман қалғаны жоқ. 1941 жылы Юкатан штатындағы үндістердің көне пирамидасын зерттеген Джон Ллойд Стивен, Самуэл Кэббот және ағылшын суретшісі Фредрик Казервуд жазылмас дертке ұшыраған. Жол бастап барған үнді тайпасының басшысы адамдарының бірінен соң бірінің өліп жатқанын көріп, табытты қайта пирамидаға қайтаруын өтініп зар қаққан екен.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді