Хабиб мансабын жалғастырады
UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов UFC-дегі мансабын жалғастыра беретінін айтты. Осылайша ол Хабиб Нурмагомедов промоушннен кетуі мүмкін деген сыбыстарға нүкте қойды.
«Бәрі де жақсы. Хабиб екеуміздің қарым-қатынасымыз ойдағыдай. Оның келесі қарсыласы кім болатыны туралы әзірге ресми мәлімдей алмаймын. Өйткені бұл мәселе туралы сөйлескен жоқпыз. Хабибтің тамаша жеңісін тойлай тұруына уақыт берейік. Қалған сауалдарға уақыты келгенде жауап береміз», – деді Дана Уайт өз ойымен бөлісіп.
Дана Уайт Зубайра Тухуговтың болашағы туралы да пікірін білдірді. «Хабиб UFC-де қалады. Зубайра Тугухов туралы әзірге ештеңе айта алмаймын», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегорды төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Кездесу аяқталған соң Нурмагомедовтің бастамасымен екі команданың өкілдері арасында жаппай төбелес басталып, күзетшілер және полиция қызметкерлерінің араласуымен жабайы көрініс тоқтатылған еді. Сол күні жеңімпаз ретінде аты аталмай тұрып, сегіз бұрыштың сыртына секіріп түсіп, төбелес ұйымдастырған Хабиб Нурмагомедовтің әрекеті қазіргі кезде жан-жақты зерделену үстінде. Сол сәтте жаппай төбелеске Зубайра Тухугов та араласқан-ды. Сол әрекеті үшін Тухугов промоушннен кетуі мүмкін деседі.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді