Чемпиондарды құрметпен қарсы алды
Қазан айының 7-9-ы аралығында Оңтүстік Кореяның Сокхчо қаласында ат үстіндегі садақ ату спортынан әлем чемпионаты өткен болатын. Аталмыш аламанға әлемнің жиырма үш мемлекетінен алпыстан астам кіл мықты спортшылар қатысып, өзара кім мықтыны анықтады.
Байрақты бәсекеде ел намысын жамбылдық Елдос Бадашев пен Абзал Төлібеков қорғады. Командалық сында топқа түскен сайыпқырандарымыз жамбы атудан қарсыластарының алдын орап, алтыннан алқа тағынды.
Әлем чемпионатында атой салған сайыпқырандарымыз Тараз қаласына оралды. Чемпиондарды облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков бастаған спорт саласының қызметкерлері, спортшылар қауымы Тараз қаласының кіре беріс қақпасынан күтіп алып, құрмет көрсетті. Басқарма басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков спортшылардың табысы ел мерейін тасытатынын айта келе, саңлақтарымыздың алдағы уақытта да ел сенімін ақтай беруіне тілектес екендігін жеткізді. Өз кезегінде Елдос Бадашев пен Абзал Төлібеков зор құрметпен қарсы алған жерлестеріне алғысын айтты.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




