Геннадий Головкин Дэниэл Гилді нокаутқа жіберді
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2014
- 804
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің австралиялық қарсыласы Дэниэл Гилді нокаутқа түсіріп, үшінші раундта жеңіске жетті. Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті және кештің басты кездесуі болды.Головкин кездесудің басынан қарсыласын тұқыртып тастады, бір соққы кезінде Гил тіпті есеңгіреп қалды, бірақ бірден бойын тіктеп алды. Екінші раундта да Головкин белсенді жұдырықтап, қарсыласын құлата алды. Үшінші раундта Гилдің әлі құрыды.
Сөйтіп, Головкин WBA версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін 11-рет, IBO версиясындағы атағын 8-рет сәтті қорғады.
Нью-Йорк штаты Атлетика комиссиясының мәліметінше, Геннадий Головкиннің бұл жекпе-жек үшін алатын сыйақысы - 750 000 доллар, бұл Дэниэл Гилдің табысынан 150 мың долларға артық.
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




