«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Волейболдан әлемдік Гран-при ойындары: Қазақстандықтар Австралия командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді

Волейболдан әлемдік Гран-при ойындары: Қазақстандықтар Австралия командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді
ашық дереккөз
Волейболдан әлемдік Гран-при ойындары: Қазақстандықтар Австралия командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді
Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында волейболдан Әлемдік Гран-При ойындары басталды. Турнир шымылдығын Чехия мен Хорватия құрама командалары ашты. Аса тартысты өткен ойында чехиялықтар ойынның екінші жартысында барынша салқын қандылықпен ойнап, 3:1 есебімін жеңіске жетті. Осыдан кейін әлемдік Гран-при ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жиналған көрермендерге бүгінгі турнирге қатысатын командалар мен олардың ойыншылары таныстырылды. Айта кетелік, аталмыш волейбол додасы Алматыда соңғы төрт жыл ішінде осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Оған «С» дивизионының «P» тобындағы Қазақстан, Чехия, Хорватия және Австралия командалары қатысуда. Ашылу рәсімінен кейін волейбол алаңына Қазақстан мен Австралия командалары шықты. Қазақстандық волейболшы қыздар австралиялық әріптестерін 3:0 есебімен тізе бүктірді. Олардың ойынын тамашалауға келген Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қыздарға сәттілік тіледі. Бірінші партияда екі команда да жақсы ойын өрнегін көрсетті. Тең дәрежеде ойнады. Отандастарымыз қателікке бой алдырмай, қарсыластарының осал тұстарын ұтымды пайдаланып 25:21 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда қазақстандықтардың басымдығы байқала бастады. Жанкүйерлердің қолдауы әсер еткен болса керек, қыздар ойынның әрбір сәтінде шебер ойнауға тырысты. Ойын нәтижесі оны айқындап та берді. Есеп 25:16. Үшінші партияда да шабыттана ойнаған Қазақстан құрама командасы бабында екендігін танытты. Ойын тізгінін қолдан шығармай 25:16 есебімен ойынды аяқтады. Жалпы есеп 3:0. Ертең 26 шілде күні түстен кейін сағат 15:00-де Австралия - Чехия, ал 18:00-де Қазақстан - Хорватия командалары кездеседі. Кіру тегін. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар