Спорт және туризм
Головкин жаттығу кезінде Гроувздың қабырғасын сындырды
- author «Ақ жол»
- 26 шілде, 2014
- 541
Головкин жаттығу кезінде Гроувздың қабырғасын сындырды
Орта салмақта WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин жаттығулардағы спаррингтік кездесулердің бірінде 26 жастағы боксшы Джордж Гроувздың қабырғасын сындырды, деп хабарлайды Аllboxing.ru.
«Бұның алдында хабарланғанындай, Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жектің қарсаңында Геннадий Головкин екінші орта салмақта өнер көрсететін әлем чемпионы титулының бұрынғы үміткері Джордж Гроувзбен бірге спаррингке шығып отырған болатын. Солардың бірінде Гроувздың қабырғасы сынды», - делінеді хабарламада.
Айта кету керек, 20 қыркүйекте Гроувз WBC нұсқасы бойынша жекпе-жекке шығу керек. Бұл жарақат алдағы жоспарланған кездесуге қалай әсер ететіндігі белгісіз.
27 шілде күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасында жекпе-жек өтеді. Тікелей эфирде бұл кездесуді KazSport пен Қазақстан телеарналары көрсетеді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




