Ғалымдар адам денесінен жаңа ағза тапты
Сиднейдегі Гарван медициналық зерттеулер институтының ғалымдары адам денесінен жаңа микроағзаны тапты, ол инфекцияны екінші мәрте жұқтырып алмауға көмектеседі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жаңалық туралы Science Alert ғылыми порталы хабарлаған.
Лимфалық түйіндердің астында орналасқан «ағза» субтүтікшелік пролиферативтік ошақ деп аталды. Бастапқыда ол зертханалық тышқандардан, кейін адамдардан табылған.
Австралиялық ғалымдардың мәлімдеуінше, бұл ағза қандай да бір инфекцияны бір рет жұқтырса, келесі жолы оны жақсы қорғайды. Бұл қасиет «иммунитет жады» деп аталады, оған жадтың В-жасушаларын жинақтау тән.
Бұл туралы ғалымдар бұған дейін де айтқан, бірақ оның дәл қай жерде орналасқаны тұңғыш рет анықталып отыр. Ғылыми зерттеумен айналысып жатқан институт қызметкерлерінің пайымдауынша, бұл – өте маңызды жаңалық.
Ағзаға инфекция түскенде ауру тудырғыш бактериялардың саны әр 20-30 минутта екі еселенеді. Егер адамның иммундық жүйесі инфекциямен күресуге «құралдарды» тым ұзақ жинақтайтын болса, ағза инфекцияға төтеп беріп үлгермей, өліп қалады.
Ұқсас жаңалықтар
Еңбек нарығында жастардың үлесі артып келе ме?
- 14 мамыр, 2024
Қош келдің, қасиетті Рамазан!
- 8 наурыз, 2024
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді