Ғылымда «летаргиялық ұйқы» деген түсінік бар. Ол – адамның ұзақ мерзімге ұйқыға кетуі. Летаргиялық ұйқы мен клиникалық өлім процесінің сырт көрінісі ұқсас болғанмен, айырмашылығы жер мен көктей. Клиникалық өлім сәті – ең ұзақ дегенде бес минутқа дейін созылатын адам өміріне қауіпті процестің бірі. Ал летаргиялық ұйқыға кеткен адам уақыт өлшемінен тыс болады және арақашықтық өлшемі мен ажалдан босайды. Осындай күйде 16 жыл болған Нәзира Рүстемова туралы «Алаш айнасы» жазған оқиғаны сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз. Негізі Нәзираны өліп, қайта тірілген адам деуге болады. Өйткені летаргиялық ұйқыға кеткен 4 жасар Нәзираны ата-анасы жер қойнауына тапсырған. Себебі еш тіршілік белгісінсіз ауруханада 7 күн жатқан соң, дәрігерлер оны өлді деп ата-анасына қайтарған. Кішкентай кезінде Нәзираның басы қатты ауырған екен. Соның салдары ма, әйтеуір, төрт жасында түнде ұйықтап кеткеннен, қайта оянбаған. Облыстық ауруханада бір апта жатқан соң дәрігерлер оны өлдіге санап, «мәйітін» ата-анасына қайтарып беріпті. Содан ата-анасы оны жерлеген. Алайда сол күні түнде Нәзираның әкесі мен шешесі бірдей түс көреді. Белгісіз дауыс оларға, «өз қыздарыңды тірідей көміп, кешірілмес күнә жасадыңдар» дейді. Шошып оянған ата-анасы молаға жүгіреді. Моладан қыздарын қайта қазып алып, сол сәтте облыстық ауруханаға жеткізеді. Тексеру жүргізген дәрігерлер қыздың жүрегінің минутына бір-екі рет соғып жатқанын анықтайды. Содан кейін ата-анасы оны Ташкенттегі ғылыми-зерттеу институтына апарады. Нәзира сол жерде ұйқыдан оянғанша жатқан. Араға 16 жыл салып, 1985 жылы 29 тамыз күні Нәзира кенет оянады. Өзінің айтуына қарағанда, Нәзира түсінде соғылған телефон шылдырынан оянған. Кейіннен Нәзира «түсімде қайта-қайта телефон шырылы естілді. Телефонды менен басқа ешкім көтермейтініне көзім жеткен соң, орнымнан тұрып, көрші бөлмеде тұрған телефон тұтқасын көтердім. Сол жерде отырған екі мейірбике есінен танып қалды. Жан-жағыма қарадым, жатқан кереуетім жоқ. Сөйтсем, мен көрші бөлмеге есіктен емес, қабырғадан еш кедергісіз өтіп кетіппін» деп болған жайды еске алған. Өзінің айтуынша, ол ұйқыға кеткенге дейін телефон, теледидар дегенді көрмеген. Кейінен белгілі болғандай, ауруханадағы Нәзира жатқан бөлменің есігі құлыптаулы болған. Ал оның көрші бөлмеге қалай өтіп кеткені әлі күнге дейін жұмбақ күйде. Осы оқиғадан кейін Нәзираны мәскеулік дәрігерлер, психологтер де тексерген. Бірақ бұл жайға ешкім түсінік таба алмаған. Тағы бір қызығы 16 жыл ұйқыда жатқан 20 жасар Нәзираның бойы не бары 28 сантиметрге өскен. Алайда кейін оның бойы космостық жылдамдықпен, күн санап өсіп, қалыпты жағдайға жеткен. Айтуынша, оянған алғашқы кездерде бірнеше тілде еркін сөйлеп, жаза да білген. Кейіннен уақыт өте ұмыта бастаған. Десе де сол кездері қазақ, орыс, тәжік, өзбек, араб тілдерінде емін-еркін сөйлеген. Ал мұндай ерекше қасиетке «Алланың құдіреті» дегеннен басқа не деуге болады?
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді