Ғарыш билетінің құны қанша?
Джефф Безостың аэроғарыш компаниясы New Shepard ғарыш кемесін сынақтан өткізіп жатыр. Ал келесі жылы ғарыш туристеріне алғашқы билет сатыла бастайды. Ғарыш билеті қанша тұратыны жөнінде ақпарат жоқ, яғни әлі ресми жарияланбады. Мамыр айында Джефф Безостың өзі билет бағасы туралы бір тоқтамға келмегендерін мәлімдеген еді. Алайда Reuters ақпарат ресурсының аталмыш компания өкіліне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда, ғарыш билетінің құны 200-300 мың доллар шамасында болмақ. New Shepard капсуласы 6 жолаушыға шақталған. Бұрын аталмыш компания ғарыш кемесін жұртшылықтың назарына ұсынған еді. Ол зымыран тасымалдаушыдан және жолаушылар капсуласынан тұрады. Оның жолаушыларға арналған иллюминаторы ең үлкен саналатын Boeing 747 ұшағындағы иллюминатордан екі есе көлемді болмақ. Яғни ғарышты тамашалау үшін әдейі көлемді етіп жасалады. Ғарыш кемесі жерден 100 шақырым қашық биікке дейін көтеріледі, яғни суборбиталды кеңістікке шығады. Осының өзі салмақсыздықты сезінуге және планетаны тамашалауға жеткілікті. Осындай саяхаттан кейін жолаушылар капсуласы жерге оралады. Blue Origin қожайыны мен Amazon жетекшісі Джефф Безос бұл жобаны жыл сайын Amazon акциясын сатудан түскен қаржы есебінен қаржыландыратынын мәлімдеген-ді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді