Фируза Шарипова Юлия Куценкодан айласын асырды
Ресей Федерациясы-ның Санкт-Петербург қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға көтерілген Фируза Шарипова ресейлік Юлия Куценкомен қолғап түйістіріп, төрешілердің біржақты шешімімен (98:92, 96:94, 96:94) жеңіске жетті. Жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынаған жамбылдық боксшы қыз 10 раунд бойы қарсыласын соққының астына алып, реті келген кезде өзі сәтті қорғана білді. Осылайша шын мықтының кім екенін кезекті мәрте дәлелдеді. Бұған дейін сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңімпаз атанған Юлия Куценко кәсіби мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр. Барлық кездесуінде өзін жақсы қырынан көрсетіп жүрген Куценконы осалдардың қатарына қоса алмайтынымыз анық. Дегенмен Фирузаның жөні бөлек қой. Жамбылдық боксшы бұл күні өзіне тиесілі WIBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады. Осылайша кәсіби мансабында тоғызыншы жеңісін тойлаған Фируза алдағы уақытта үлкен шайқастарға шығуды көздеп отыр. Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Фируза Шарипова болашақта үшінші салмақты да бағындырғысы келеді. Жерлесіміз WIBA тұжырымынан бөлек, WBC silver және IBO тұжырымдары бойынша да әлем чемпионы атағына ие.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




