Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 2014 жылы 26 шілдеде австралиялық Дэниэл Гилмен өтетін жекпе-жекте жеңіс тіледі.
«Шақырту үшін алғыс білдіремін. Қазақстандықтар сенімен бірге»,- делінген ҚР Президентінің жеделхатында. Оны Нью-Йорктегі Бас консулдық Геннадий Головкинге ресми тапсырды.
«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдауы мен тілегі үшін ризамын, - деп атап өтті Геннадий. - Өз тарапымнан маған көрсетілген сенімді ақтауға тырысамын».
22 шілдеде атақты Брайтонда болған орыстілді жанкүйерлерімен кездесуде Генадий өзінің жекпе жекке дайын және жеңіске деген сенімі мол екендігін жеткізді. Сонымен қатар, ол қарсыласының осал еместігін де айта кетті.
Ал оның тілекшілері сайыс алдындағы қарбаласқа қарамай осындай кездесуге уақыт тауып келгеніне дән ризашылық білдіріп, чемпионға жеңіске жете беруді тіледі.
Айта кету керек, жеңімпаз Геннадийдің тәжірибесіне бас игендіктен ғана емес, оның ақжарқын мінезі мен қарапайымдылығы үшін де АҚШ-та оны қолдаушылардың саны көбейіп келеді.
Кездесу әдеттегідей жанкүйерлермен бірге суретке түсіп, қолтаңба берумен аяқталды.
Ақпарат көзі: www.baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Аймақ абыройын асқақтатқан жампоздар
- 7 қаңтар, 2025
Жуалыда жаңа спорт кешені ашылды
- 30 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді