Жүрегі нәзік болғанмен, жұдырығы жойқын
Боксшы Жансая Әбдірайымова жастар арасындағы
әлем чемпионатынан олжалы оралды
Таяуда Венгрия елінің астанасы Будапешт қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекеге әлемнің 66 елінен 360 спортшы қатысып, шаршы алаң төрінде кім мықты деген сауалға жауап іздеді. Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Ресей Федерациясына ғана жол беріп, екінші орынды иеленген болатын.
Венгрияда өткен әлем чемпионатында еліміздің ерлер және қыздар құрамасы бақ сынағаны белгілі. Айтулы аламанда жамбылдық боксшы қыз Жансая Әбдірайымова да топқа түскен-ді.
51 килограмм салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан жамбылдық ару жартылай финалға дейінгі қарсыластарын оңай жеңген еді. Финалдық жолдама сарапқа салынған шайқаста Жансая АҚШ боксшысы Хэвен Гарсиямен қолғап түйістірді. Өткен жылы дәл осы Хэвен Гарсияға қарсы жекпе-жекте өзінің шын мықты екенін әйгілеген боксшы аруымыз бұл жолы америкалық спортшыға есе жіберіп алды. Нәтижесінде Жансая Әбдірайымоваға әлем чемпионатының қола жүлдесі бұйырды.
Жерлесіміз жақын арада тағы да бірнеше халықаралық додаларға қатысуды жоспарлап отыр. Сенім үдесінен шығу үшін барын салады деп ойлаймыз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді