Индонезия елінің астанасы Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан боксшыларына бар болғаны екі медаль бұйырды. Екі жүлдені де жамбылдық боксшылар қоржынға салды. 69 килограмм салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан жерлесіміз Асланбек Шымбергенов финалдық жекпе-жекте өзбек оғланы Бобо Усман Батыровпен қолғап түйістірді. Алтын жүлдеге таласқан жамбылдық боксшы аянып қалған жоқ. Шаршы алаңда жанын, барын салды. Алайда төрешілер күтпеген жерден «ескерту» ойлап тауып, Шымбергеновті сүріндірді. Осылайша Асланбекке Азия ойындарының күміс жүлдесі бұйырды. Ол туралы ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз сөзінде айтып өтті. – Біз Азиадаға келе жатқанда қысымға ұшырайтынымызды білдік. Төрешілер құрамында бізден басқа елдердің барлығының өкілі болды. Сондықтан қазақ боксшылары қарсыластармен ғана емес, төрешілермен де шайқасты. Бұл Азиада – таза саясат. Асланбек Шымбергеновтің ұпайын жөнсіз шегерді. Бұрын 3-4 ескертуден соң ғана ондай қадамға баратын. Қайрат Ералиевті сүріндірген кезде-ақ бізге қиынға соғатынын сезгенмін. Боксшыларға өкпем жоқ, барын салды. Бірақ, бұл жарыста жеңу қиын еді, – деді ұлттық құраманың бапкері өз ойын білдіріп. 75 килограмм салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл да Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Әбілхан да финалда өзбек боксшысына жол берді. Ол Исраил Мадримовпен жұдырықтасып, жеңілістің ащы дәмін татты. Төрешілер бұл жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңісті өзбек боксшысына ұстатты. Осы есептің өзі-ақ көп жайттан хабар беріп тұрса керек. Қысқасы, жамбылдық боксшылар алтынға лайық болғанымен, күміс медальді қанағат тұтуға мәжбүр болды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді