Спорт және туризм
азиаданың Екі дүркін чемпионы туған жеріне оралды
- author «Ақ жол»
- 30 тамыз, 2018
- 356
азиаданың Екі дүркін чемпионы туған жеріне оралды
Азиаданың алтын жүлдегерін
жерлестері зор құрметпен қарсы алды
Индонезия елінде өтіп жатқан Азия ойындарында каратэ-до спортынан алтын медаль алған Гузалия Гафурова Таразға оралды. Сары құрлық додасының чемпионын әуежайдан жамбылдық спортшылар, жанкүйерлер, БАҚ өкілдері құрметпен қарсы алды.
Жеңімпаздың құрметіне арналған салтанатты жиынды облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков ашып, Гузалияның қайсарлығына тоқталды.
«Облыс спорты ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанысбек Әшімов Гузалияның Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы екеніне, каратэ-до спорты бойынша елімізде рекордтық нәтижеге қол жеткізгеніне тоқталып, толайым табыс тіледі. Чемпионның анасы Нұралия Сапарханова қызының жеңісі барша қазақстандықтардың жеңісі екенін айтып өтті.
Облыстық каратэ-до федерациясының президенті Марат Стамқұлов, Гузалияның жеке бапкері Дулатбек Құсбеков жеңістің оңай келмейтінін айтып, ел үмітін ақтаған чемпион қызға ризашылықтарын білдірді. Мұнан соң Гузалия Гафурова сөз алып, өзіне қолдау білдірген облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасына, каратэ-до федерациясына, бапкерлеріне, жанкүйерлеріне алғысын жеткізді.
Салтанатты шарадан кейін Гузалия Гафурова БАҚ өкілдерімен тілдесті. Азиадада қабырғасын жарақаттап алған спортшының жағдайын сұрадық.
– Жарақат алғаным рас. Әуелі Өзбекстан, содан кейін Иран спортшысын ұтқанмын. Жартылай финалда Вьетнам спортшысына қарсы кездесуде үш қабырғам сынды. Бірақ жеңіске жеттім. Финалда қытайлықты ұттым. Жарақатым ауыр болса да, намысты қолдан бермей, чемпион атанғаныма қуаныштымын, – деді чемпион ойын ортаға салып.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Қазақ жігіті Америкада топ жарды
- 11 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді