«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында облыстық мәслихат депутаттарының, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, өкілетті органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық жоспардың «Әйелдерді қолдау» бағыты бойынша сарапшы топтың отырысы өтті. Басқосуды облыстық мәслихаттың депутаты, сарапшы топтың жетекшісі Гүлдара Нұрымова ашып, жүргізіп отырды.
Жиында «Отбасылық бизнесті дамыту бойынша Елбасы тапсырмасын орындау шеңберіндегі облыстағы әйелдердің кәсіпкерлік саласындағы белсенділігі туралы» облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Зейнел-Нәби Сұлтанбаев баяндама жасады. Ол 2010-2012 жылдар аралығында «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындағы жобалардың арасында әйел жетекшілердің үлесі небәрі 9 пайызды ғана құраса, нақтылы кезеңде бұл көрсеткіштің деңгейінің 2,2 есеге ұлғайып отырғандығын баян етті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда аумақта аталған бағдарлама бойынша 300 жоба жасалған болса, соның ішінде, жалпы сомасы 9 миллиард теңгені құрайтын 60 жоба әйел кәсіпкерлердің үлесіне тиесілі көрінеді. Әрі қолға алынған жобалардың бағыттары да сан алуан. Мәселен, 2013 жылдан бастап «Аймен» жеке кәсіпкерлігі «Кір жуатын орын ашу», «Версаль» жеке кәсіпкерлігі «Шұлық өндіру», «Кристальный мир» жеке кәсіпкерлігі «Тұзбен емдеу бөлмесін ашу», ал жеке кәсіпкер Бексұлтанова «Қыз жасауы» атрибутикасымен ұлттық киім тігу, «Рахметова» жеке кәсіпкерлігі «Физиотерапия арқылы емдеу орталығын ашу» жобаларын жүзеге асыруда.
Негізі, бизнестің күткендегідей табыс әкелуіне кәсіби мамандар ықпал етеді. Осыған байланысты мемлекет қаражаты есебінен жұмыс істейтін бизнесті сервистік қолдау жүйесі жұмыс істеуде. Аталған тетік бойынша үш жылға жуық уақыт аралығында 400 кәсіпкерлік субъектісіне 1321 сервистік қызмет көрсетілген. Ал, ағымдағы жылдан бастап, кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есеп, маркетингтік қызмет, заң көмегі қызметі, кедендік рәсімдеу, мемлекеттік сатып алу, заманауи технологияларды қолдану, сапа менеджментін енгізу бағыттары бойынша сервистік қолдау облыстық ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы көрсетілуде. Баяндамашы сондай-ақ, отбасылық бизнесті несиелендірудің басқа да арналары мен олардың тарапынан жасалынған қаржылай қолдаудың ауқымы туралы, жалпы кәсіпкерлікті дамытып өркендетуде іскерлігімен танылған кәсіпкер әйелдердің белсенділік деңгейіне тоқталды. Сарапшы топтың отырысында баяндама бойынша жарыссөзге шыққан облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Сара Мәдиева, облыстық кәсіпкерлер палатасының Жамбыл ауданы филиалының директоры Жолдығұл Тоғанбаев, Тараз қаласындағы «Т. Рысқұлов атындағы мәдени саябақ» мемлекеттік емес мекемесінің директоры Айдина Рустанбекова, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, белгілі қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосын отбасылық бизнесті жандандыру мәселесіне қатысты ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды. Жиында күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша қаулы қабылданды.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді