Жеделхатқа жазылған жүрекжарды тілек
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық белгілі боксшы Геннадий Головкинге 2014 жылдың 26 шілдесі күні болатын австралиялық Дэниэл Гилге қарсы болатын жекпе-жекте табыс тіледі. Бұл туралы еліміздің Нью-Йорктегі Бас консулдығы хабарлады. Консулдық дипломаттары Геннадий Голвкинге арнайы табыс еткен ҚР Президентінің жеделхатында «Шақырғаныңа рахмет. Жекпе-жекте жеңіске жетуіңе тілектеспін. Қазақстандықтар сенімен бірге» делінген. Осыған орай Геннадий Головкин «Мен Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауы мен тілегіне өте разымын. Артылған сенімді өз тарапымнан ақтауға тырысамын» депті.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




