Мемлекет және қоғам қайраткері Д. Қонаевты еске алуға арналады
Алдағы 26-27 шілде күндері «Тараз-Арена» спорт сарайында аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнир өтеді. Биыл осымен халықаралық деңгейде үшінші мәрте өткелі отырған турнирге Ресей, Италия, Иран, Моңғолия, Нигерия, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз және Қазақстанның құрама командаларының ең мықты деген балуандары боз кілемге шығады. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 26 шілде күні сағат 16.00-де өтеді. Турнирдің жүлде қоры –100 мың АҚШ доллары. Ел спортында елеулі орын алатын жарыс Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы мен «Aльтаис» ЖШС-ның қолдауымен өтеді. Жарыс барысында кіру билеті нөмірі бойынша лотерея ұтыстары ойнатылады. Одан түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалмақ.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




