Спорт және туризм
29 жекпе-жектің 26-сын нокаутпен аяқтаған Головкин
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2014
- 542
29 жекпе-жектің 26-сын нокаутпен аяқтаған Головкин
WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қазан немесе қараша айына жоспарлап отыр.
«Менде қазір бәрі жақсы. Кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмын. Қарсыласым Дэниэл Гил — бұрынғы Әлем чемпионы, өте қауіпті қарсылас. Мен Madison Square Garden шаршы алаңында жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Сондай-ақ, келесі кездесуімді Мигель Котто немесе Канело Альвареске қарсы өткізгім келеді. Кездесу күз айында өтуі мүмкін», — дейді Геннадий Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, 27 шілде күні өтетін Дэниэл Гил мен Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Орта салмақта WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин келесі қарсыласы аустралиялық Дэниэль Гил 12 раунд бойы аяғында тұра алады дегенге күмәнданып отыр.
Екі боксшының арасындағы жекпе-жек 27 шілдеде таңертең Нью-Йорк қаласында 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында өтпек. Геннадий Головкиннің айтуынша, бұл кездесу оған сынақ болмақ. «Бұл мен үшін жақсы сынақ, бірақ мен ол 12 раундқа жалғасады деп есептемеймін», — деді Головкин.
Еске салайық, 2008 жылдан бері қазақстандық боксшының алдына келген бірде-бір боксшы соңғы раундқа дейін жетпеген. 29 жекпе-жектің 26-сы нокаутпен аяқталды.
Головкин-Гил жекпе-жегін қазақстандық көрермендер KazSport пен «Қазақстан» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Ақпарат көзі: www.alaman.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




