Спорт және туризм
Илья Ильин қатыспаған салмақ дәрежесінде Алмас Өтешов алтыннан алқа тақты
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2014
- 787
Илья Ильин қатыспаған салмақ дәрежесінде Алмас Өтешов алтыннан алқа тақты
Ауыр атлетикадан Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған турнирге Ұлтты құрама спортшыларының түгелге дерлігі қатысқаны белгілі.
«2013 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған жерлесіміз Алмас Өтешов бұл жолы 105 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, алтыннан алқа тақты», деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Алмас жалпы есеп бойынша 395 келіні көтеріп, Жамбыл облысының өкілі И.Момынбековтен 15 келіге артық орындады. Ол серпе көтеруде 175, жұлқа көтеруден 220 келіні бағындырды.
Бұл жолы Илья Ильин басқа салмақта сынға түскендіктен Алмастың мүмкіндігі артқаны белгілі.
Мамандар Өтешовтің алар асуы алда екенін айтады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




