«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Байқоңырдан» басым түсті

«Байқоңырдан»  басым түсті
ашық дереккөз
«Байқоңырдан» басым түсті

Футболдан Қазақстан бірінші лигасының кезекті туры аясында Қызылорда облысының «Байқоңыр» командасын қабылдаған «Тараз» футболшылары кезекті мәрте маңызды үш ұпайды қоржынға салып отыр. «Байқоңыр» футболшылары ә дегеннен қорғанысқа мықтап көңіл бөлді. Сондықтан қонақтардың айып алаңына енуі «Тараз» футболшылары үшін оңайға соққан жоқ. Әйткенмен жамбылдық футболшылар сәт сайын өткір шабуылдар ұйымдастыруға тырысып бақты. Бірінші кезеңде Айдос Тәттібаев, Бекзат Бейсенов, Бекзат Шадыманов бастаған сайыпқырандар өз мүмкіндіктерін мүлт жіберіп жатты. Осылайша бірінші кезеңде шабуылға иек артқан командамыз қарсыластың қорғаныс шебін сетінете алмады. Екінші кезеңде Абзал Таубайдың гол соғатын мүмкіндігі болған. Алайда сәтімен пайдалана алмады. Ал Айдос Тәттібаевтың соққан голы футболшының ойыннан тыс қалуына байланысты есепке алынбады. Бұдан соң Әлішер Сүлей ойын тізгінін өз қолына алды. 64-минутта қонақтардың айып алаңына ентелей енген ол мергендігімен көзге түсіп, есеп ашты. Сүлей соққан голдан кейін қонақтардың қорғанысы сыр бере бастады. «Тараз» футболшылары жиі-жиі қауіпті шабуылдарымен көзге түсті. Нәтижесінде кездесудің 79-минутында Әлішер Сүлей екінші мәрте қанжығасын майлап, есепті 2:0-ге жеткізді. «Тараз» футбол клубы әзірге Көкшетаудың «Оқжетпесінен» бір ұпай қалып, турнир кестесінде екінші орында келеді. Үздік үштікті Шымкенттің «Қыраны» қорытындылап тұр.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Ұқсас жаңалықтар