
«Aқылды терезе»
Қытайдың Солтүстік-Шығысындағы Шэньян университетінің оқытушысы Янь-Ян Сун мен Нанкин университетінің оқытушысы Син-Хуа Ся әлемге өздерінің жаңа өнертабысын ұсынды. Қос қытайлық қосылып «ақылды терезе» жасап шығарды.
Ақылды деген статусқа ие болған теңдессіз терезе бөлмеге қажетті жарықты есептеп, күннің сәулесі тым жарық болса жартысын жібереді, аз болса толықтырып отырады. Үйді қажетті температурада жылытып, керек десеңіз зиянды вирустардан тазартады. Атаулы ақылды терезе сапалы материалдар жасалғандықтан сыртқы сұлбасы да тым көрікті. Қысқартып айтсақ, ақылына көркі сай. Өнертапқыштардың айтуынша, бұл терезені залалсыздандыру жұмыстары жиі жүргізілетін ауруханаларға, халық көп жүретін қоғамдық көліктерге орнату керек. Оның әйнектері небәрі 1 минуттың ішінде түссіз күйден қара түске боялып кете алады. Сонымен қатар, бөлмені 5 минуттың ішінде 24 градусқа дейін жылыта алады.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қос еңбек адамына мемлекеттік награда тапсырды
- 26 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді