Жер шары адамзат бақылауынан шығып барады
Ғалымдардың айтуынша, жер шары тұтас ғаламшарлық дағдарыстың аз-ақ алдында тұр. Орташа температура бір көтерілсе, қайта түспейтін көрінеді. Сол кезде адамзаттың тіршілік кешуі қиынға соқпақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Зерттеу жұмыстары жердің орташа температурасы адамзат бақылауынан шығып бара жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта жер бетіндегі температура 4-5 градусқа көтеріліп кетуі мүмкін.
Стокгольм, Стэнфорд және Кембридж университеттерінің ғалымдары бұл жағдайға Париж келісімі де тоқтау бола алмайтынын анықтап отыр. Климатологтердің зерттеуінше, орташа температураның көтеріліп кетуі адамзатқа ғана байланысты емес. Климаттың бұзылуына мәңгілік мұздық пен Арктика мұздарының еруі, тропикалық және солтүстік ормандардың сиреуі және қар жамылғысының жұқаруы сынды өзге де факторлар әсер еткен.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




