Ойынның аяқталуына 2 секунд қалғанда жеңіс сыйлады
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2018
- 393
Бүгін Индонезияның Джакарта қаласында Азия ойындарының ашылу салтанаты болады. Әйткенмен кейбір спорт түрлері бойынша құрлық ойындары басталып кетті. Қазақстанның гандболшы қыздары ә дегеннен екі ойын өткізіп, екі жеңіске қол жеткізіп үлгерді. Қазақстан қыздары алдымен Үндістан гандболшыларына қарсы ойнады. Үндістандықтарға қарсы керемет ойын үлгісін көрсете білген Қазақстан құрамасы 36:19 есебімен басым түсіп, өздерінің Азия ойындарына жайдан-жай келмегендерін аңғартты. Шынтуайтына келсек, Үндістан құрамасы гандболдан Қазақстанға қарсылас емес екені әу бастан белгілі ғой. Сондықтан бұл жеңісті қалыпты құбылыс ретінде қабылдадық. Қазақстан арулары екінші ойынды Қытай құрамасына қарсы өткізді. Кездесу тартысқа толы жағдайда өтіп, ұлттық құрама ойыншылары 27:26 есебімен жеңіс тойын тойлады. Өйткені ойынның аяқталуына екі секунд қалғанда Наталья Ильина жеңіс добының авторы атанды. Бір қызығы Наталья әлемге белгілі зілтемірші Илья Ильиннің алғашқы әйелі екен. Қазақстан құрамасы Қытай құрамасына қарсы төрт жыл бұрынғы нәтижені қайта тіркеп отыр. Алдыңғы Азия ойындарында аруларымыз қола жүлде үшін өткен ойында Қытай құрамасымен кездесіп, дәл осылай 27:26 есебімен басым түскен еді. Биыл қайтер екен? Өкінішке қарай, ерлер арасындағы сында Қазақстан баскетболшылары мардымды нәтижеге қол жеткізе алмады. Әлем чемпионатының қатысушысы Филиппин құрамасымен кездескен қазақстандық баскетболшылар қарсыластарынан ойсырай ұтылды. Ойын барысында филиппиндік баскетболшылардың шеберлік деңгейі жоғары екендігі анық байқалып тұрды. Әр шабуылын нәтижелі түйіндеуге тырысқан бұл құраманың ойынына көз сүйсінді. Енді отандастарымыз Қытай құрамасына қарсы барын салып көрмек. Баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында бір ғана мәрте жүлдеге іліккен. 2002 жылы отандастарымыз қола жүлдегер атанған еді. Одан бері де он алты жыл өтіп кетіпті. Шіркін, биыл тым болмаса сол нәтижені қайталаса дейміз... Азия ойындарын баскетболшы аруларымыз да сәтсіз бастады. Қытайдың Тайбейіне қарсы ойнаған қазақстандық арулар қарсыластарынан 42:72 есебімен тас-талқан болып ұтылды. Қазақстанның арулар құрамасы Азия ойындарына осымен үшінші рет қатысып отыр. Бұған дейін бесінші орыннан жоғары көтерілген емес. Биыл қандай нәтижеге қол жеткізуі ықтимал?
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ауыл спортын дамытуға арналған дода
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді