Илья Ильин күмісті қанағат тұтты
Алматы қаласында белгілі ауыр атлет Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған ауыр атлетикадан турнир өтіп, оған Ұлттық құрама сапындағы көптеген спортшылар қатысты.
Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин де Алматыдағы турнирде бақ сынаған болатын. Сыр өңірінің спортшысы бұл жолы чемпиондық тұғырға көтеріле алмады.
Илья жарыста 105 келі салмақта тұңғыш рет бақ сынап, күмісті қанағат тұтты. Жаңа салмақ оның оң жамбасына келмегенге ұқсайды. Ол жалпы алғанда 424 келіні бағындырды. Алтын медаль Ибрагим Берсановқа бұйырды.
Алдағы уақытта ол жаңа салмағында да жеңімпаз тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




