Спорт және туризм
Қазақстандық футбол клубтарының УЕФА-дағы рейтингі көтерілді
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2014
- 822
Қазақстандық футбол клубтарының УЕФА-дағы рейтингі көтерілді
Еурокубок класификациясындағы жеңісті ойындары нәтижесінде қазақстандық футбол командалары "Ақтөбе", "Астана", алматылық "Кайрат" және қарағандылық "Шахтер" УЕФА-ның клубтық рейтингінде өз көрсеткіштерін жақсартты.
Ең алдымен астаналық клубтың жолы болды. Өткен жылмен салыстырғанда ол 45 орынға көтеріліп, қазір 358-ші орында. Былтырғы жылы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен "Шахтер" 26 сатыға көтеріліп, 220-сыншы орынды иеленді. Ал "Қайрат" тізімнің 370-інші орнына жайғасты.
Чемпиондар лигасында күш сынап жатқан "Ақтөбе" УЕФА-ның клубтық рейтингінде 17 сатыға жоғарылап, 179-ыншы орынға табан тіреді.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан УЕФА-ның клубтық рейтингінде 32 орынға көтеріліп, Грузия мен Малдованы артта қалдырды.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




