Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінің құрылуының 26 жылдығына орай шекара қызметінің барлық әскери бөлімдерінде «Шекара және денсаулық» атауымен спорттық шаралар өткізілуде. Салауатты өмір салтын насихаттау шекарашылар үшін басты мақсат екені айтпаса да түсінікті. Тараз шекара жасағының шекарашылары «Талас» шекара комендатурасының шекаралық шебі арқылы веложарыс ұйымдастырды. Велошеруге қатысушылар дода көркін қыздырып бақты. Бірнеше шақырымға созылған велошеру тартысқа толы жағдайда өтті. Шын мықтылар сынға түскен велошеру қорытындысында келісімшарт қызметінің старшинасы Ж. Махамбетжанов мәре сызығын бірінші болып кесіп, нағыз бабында екенін көрсетті. Мұндай спорттық шаралар шекарашы-жауынгерлердің физикалық дайындығын үстемелей түсетіні сөзсіз. Сондықтан осындай додалардың алдағы уақытта да ұйымдастырылып тұратыны анық.
Айнұр Жапбарова, №2035 әскери бөлімінің аға офицері, аға лейтенант.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




