Спорт және туризм
Мадридтік «Реал» әлемдегі ең қымбат спорт клубы атанды
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2014
- 364

Мадридтік «Реал» әлемдегі ең қымбат спорт клубы атанды
Мадридтік «Реал» Forbes журналының бағалауынша әлемдегі қымбат спорт клубтары тізімінде әлі де көш бастап тұр, деп хабарланды басылым сайтында.
Мәліметтер бойынша, «Корольдік клубтың» құны 3,44 миллиард долларды құрайды. Бұл тізімде екінші орынды $3,2 миллиардқа бағаланған "Барселона" еншілеп тұр. Үздік үштікті 2,81 миллиард доллар тұратын "Манчестер Юнайтед" командасы түйіндейді.
Алғашқы ондыққа кіретін командалар мыналар:
4. "Нью-Йорк Янкиз" ($2,5 миллиард ) - АҚШ жоғары бейсбол лигасында (MLB) ойнайды;
5. "Даллас Ковбойз"($2,3 миллиард) - АҚШ Ұлттық футбол лигасының командасы;
6. "Лос-Анджелес Доджерс" (MLB, $2 млрд);
7. "Бавария", Мюнхен (футбол, $1,85 млрд);
8. "Нью-Ингленд Пэтриотс" (NFL, $1,8 млрд);
9. "Вашингтон Редскинз" (NFL, $1,7 млрд);
10. "Нью-Йорк Джайентс" (NFL, $1,55 млрд).
Forbes-тың бағалауынша, 16-орында "Арсенал" футбол клубы ($1,331 млрд), ал "Челси" ($867 млн. ) 48 орында.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді