Қазақстан 2016 жылы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізеді
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2014
- 771
Қазақстан 2016 жылдың ақпанында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын өткізеді. Бұл қазақстандық бокстың тағы бір кезекті жеңісі. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.
«Бүгін Ыстамбұлда АИБА Халықаралық бокс қауымдастығының Атқарушы комитеті бұған дейін таныстырылымы жасалған Қазақстанның әлем біріншілігін өткізу туралы өтінімін мақұлдады. Әлемде танымалдылығы шапшаң артып отырған спорт түрінен әлем чемпионатын өткізуге бізден бөлек Қытай, Англия, Ресей секілді мемлекеттер ниет танытып, олардың әрқайсысы Қазақстан үшін мықты бәсекелес болған еді. Алайда, АИБА атқарушы комитетінің мүшелері қазақстандық таныстырылымға тәнті болып, 20 дауыстың 18-і біздің еншімізге түссе, 2-еуін Қытай иеленді», - делінген баспасөз хабарында.
Тоқтала кететін жайт, 2016 жылы Қазақстанда ұйымдастырылатын әлем чемпионатында Риода өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады, сондықтан да бұл доданың маңызы арта түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар, Қазақстан бұған дейін бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатын (Астана, 2011-і жыл) және ересектер арасындағы әлем чемпионатын (Алматы, 2013-і жыл) өткізген болатын. Ал осыдан төрт жыл бұрын әйелдер арасындағы бокстан құрлықтық чемпионат та Қазақстанда өткен еді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




