Билл Гейтс компьютер заманының кемеңгері

Билл Гейтс компьютер заманының кемеңгері
ашық дереккөз
Билл Гейтс компьютер заманының кемеңгері

АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің есімі дүниежүзіне таныс. Бүгінде бізді заманауи компьютерлік технологиялардың көшіне қосып отырған осы кісінің қажырлы еңбегінің арқасы. Microsoft – Гейтсті әлемдік деңгейде үлкен белеске алып шықты. Дүниежүзі бойынша миллиардерлердің алғашқы легіне қосты.

24Билл Гейтс қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – заңгер. Анасы жай ғана мұғалім, бірақ өте қатал кісі болған көрінеді. Ата-анасының айтуы бойынша: «Билл кішкентай кезінен мінезі қырсықтау, әрі ауыр болыпты». Мектепте оқып жүргенде көп сөйлеймейтін, сабақты аса жақсы оқымайтын, өте нәзік, арық болған. Бір күні үнемі бөлмесін жинағысы келмейтін Биллді анасы сөгіс ретінде жертөледегі бөлмеге көшіріп тастапты. Содан сұрақ қойса жауап қайтармай, ас ішуге шақырса мүлдем келмей анасын біраз уайымдатқан екен. «Психологиясына әсері тиді ме?» деп сары уайымға салын­ған ата-анасы оны психиатрға апарады. Бір-екі қабылдаудан өткеннен кейін дәрігер: «бұл балаға ұрысудың қажеті жоқ, бәрібір жеңе алмайсыздар. Өзінің дегенінен қайтпай­тын адам. Оның орнына тіл табысып көріңіздер» – деген екен. Білімі мен санасы жоғары әкесі мен анасы сол күннен бастап Биллді түсінуге тырысыпты. Бірақ қанша қылықтары болғанымен ішкі жан дүниесі ерекше, ойлау қабілеті, рухы өте мықты болатын – дейді әкесі. Бір қызығы Гейтс мектепте оқыған кезде тек қана математиканы жақсы оқып, компьютерлік программалармен айналысуды ұнатқан екен. Қалған сабақтардан үлгерімі өте нашар болған. Ол жайлы Билл өзі былай деген: «Оқып жүргенде компьютерге қатты қызығатынмын. Күні-түні 20-30 сағат уақытым компьютер класында отырумен өтетін. Барлық компьютерлік программаларды зерттейтінмін. 15-16 жасымда біз Пол Аллен деген досым екеуміз бір программаның паролін сындырып, жүйесін бұзып алғанбыз. Содан кейін бізді мүлдем компьютер класына кіргізбей қойған күндер де болды». Қызығы 9 сыныпты ешбір оқу құралын оқымай үздік бітіріп, 10-шы сыныпқа көшкенде компьютер 23технолгиясынан сабақ беріп, сол жылдары өздерінің сыныптастарына оқу программасын ойлап шығарады. Мектепті «у-шумен» бітірген Билл, 1973 жылы Гарвард университетіне оқуға түсіп, 2 жылдан кейін оқудан шығарылып жіберіледі. Сол кезден бастап ол программалаумен (программное обеспечение) айналыса бастайды. Гарвард университетінің дипломының орнына ол Аллен деген ең жақсы досымен «Microsoft» компаниясын құрады. Ол компания сол кездегі енді сәнге, қазіргі тілмен айтқанда «модаға» айналып бара жатқан, халыққа аса қажет жеке компьютерлерге программалауды енгізумен айналыса бастады. Бұл идеяның туылуына өте қызық бір жайт түрткі болған екен. Бала күнгі досы Аллен Гарвард университетіне Биллді көріп қайтуға бара жатқан кезде, жолда киоск жанына тоқтап, журнал сатып алғысы келеді. Сол кезде бір журналдан көріп қалған сурет пен жазу олардың өмірін түбегейлі өзгертіп жібереді. «Популярная электроника» деген журналда «Altair-8080» деген сурет ілініп тұрады. Оның төбесінде үлкен шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелестікке түсе алатын, әлемдегі ең алғашқы микрокомпьютер» деген жазуды көреді. Аллен журналды сатып ала салып Биллге жүгіріп барады. Сол журналды оқи сала екеуіне бірден соны ой түседі. Нарыққа компьютер заманы келеді, яғни сол компьютерлерді сатып алған мыңдаған адамдарға бағдарлама қажет болады. Содан Гейтс «Altair-ды» өндіруші MITS компаниясына хабарласып, «Аллен екеуміз «Basic» бағдарламасын ойлап, жасадық» – деп жұмыскерлерді қызықтырады. Шын мәнісінде ол өтірік айтқан болатын. Ешқандай да бағдарлама дәл сол сәтте болған жоқ еді. Ол тек жоспарда ғана болған нәрсе. Содан жарты айда бағдарламаны түгелімен жасап, компанияға апарады. Олар сөйтіп «Билл мен Аллен» деген атпен MITS компаниясымен келісім-шартқа отырып, дегеніне жетеді. Содан кейін дүниеге «Microsoft» компаниясы келеді. Кішкентай кезінен бастап Биллдің басты арманы «Өмірді жаулап алу болатын»! Дегеніне жеткен Гейтс кейіннен ғылым мен технологияны зерттейтін «bgC3» компаниясын ашып, қосымша қайрымды­лық қорымен айналысуды бастайды. Университеттерге әрдайым гранттар бөліп отырады. Қазір оның компьютер технологиясына байланысты көптеген кітаптары дүниеге келді. Ең атақтысы «Бизнес со скоростью мысли» деген кітабы 1999 жарық көріп, кітап 25 тілге аударылып, 60 мемлекетте басылып шығарылды. Жеке өмірі, отбасына тоқталар болсақ, оның Мелинде Френч деген жұбайы және бір қызы мен екі баласы бар. Бұрын-соңды болмаған, жоқ нәрсені дүниеге әкелген Билл сияқтылар ғасырда бір рет туады десек қателеспейміз. Биллдің беймәлім қырлары:

1. Гейтс жайлы жазылған кітаптың санында шек жоқ. Amazon.com сайтына Gates деп енгізсеңіз, оған байланысты 137 мыңнан астам нәтиже тауып бере алады. 2. 13 жасқа енді толған Гейтс достарымен бірігіп, мектеп компьютерінің мәліметтеріне қол сұққан. Гейтсті жазалаудың орнына Сиетлдің компьютерлік орталығы балақайды жұмысқа алып, өз бағдарламаларын тексеруге тапсырма беріп отырған. 3. Компьютерлерге деген құмарлығын байқаған вундеркиндтің ата-анасы Биллді электронды машинаға бір жыл бойы жолатпаған. Бір жыл бойы атақты бағдарламашы ұлы адамдардың өмірбаяндарымен танысқан. Тарихи тұлғалардың ойлау қабілеті мен логикасы Биллге қатты ұнайтын. 4. Билл Гейтс ресми түрде Гарвард оқу орнын тастағандардың ішіндегі ең бақытты адам болып танылды, дегенмен, араға бірнеше жыл салғаннан кейін, Билл сонда да Гарвардты бітіріп, салтанатты түрде дипломын алды. 5. Қазіргі компаниясының атауын Гейтс алғашқыда «Micro Soft» деп жазған. 6. Оның арғы атасы заң шығарушы органда жұмыс істеп, қала мэрі болған, атасы – мемлекеттік банк президенті қызметін атқарған, ал, әкесі адвокат болған. 7. 1968 жылы Лэксайд колледжінде алғашқы компьютерлер пайда болғанда, Гейтс күні-түні сол маңайдан кетпейтін. Оның оқу үлгерімі күрт нашарлап кеткені де сол себептен шығар. 8. Гарвардтағы оқу Гейтсті тез шаршатқандықтан, ол бос уақытында покер не бағдарламалар жазумен айналысқан. 9. Гейтс өзінің профессорларына 30-ға толмай миллионер болам деп айтқан екен. 10. 31-ге толған Гейтс – миллиардер атанды! 11. Жыл сайын Гейтс жеке меншіктегі тұрғын үйлер мен көліктеріне салық ретінде бір миллион доллар көлемінде қаражат төлейді.

Фариза Жорабекқызы,  журналист.

Ұқсас жаңалықтар