Электронды жайнамаз

Электронды жайнамаз
ашық дереккөз
Электронды жайнамаз

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында атажұртқа оралған қандасымыз Алханбай Сатыбалдыұлы намаз оқимын деген мұсылманға арнап электронды жайнамаз ойлап тапты. 

Әдеттегі жайнамаздардың ұзындығы көбінде 110 сантиметр болса, бұл жайнамаз 140 сантиметрге лайықталып жасалған. Алханбайдың айтуынша, электронды жайнамаз арқылы намаздың үркіндерін шариғатқа сай толық орындауға болады. Яғни, намаз оқыған адам сәждеге жығылып, рукуғқа тұрғандағы барлық қимылын қалыптасқан үлгіге сай физиологиялық тұрғыда денсаулыққа да пайдалы етіп жасауға да мүмкіндік табады. – Біз намаз арқылы Алла Тағаладан шексіз сауап аламыз, соған сай намаздың үркіндерін де толық, дұрыс орындай алсақ теңдессіз шипаға қол жеткіземіз. Яғни, намаз оқығанда Құран сүрелерін дұрыс айту қаншалықты маңызды болса, намаздың үркіндерін дұрыс орындау да сондай маңызды, – дейді ол. Құран тілінің барлық мұсылманға ортақ екенін ескерсек, электронды жайнамаздың өзін «әлхамдулла мұсылманмын» деп санайтын дүниежүзіндегі кез-келген адамға қажет екендігі сөзсіз. Алханбай мырзаның арманы да сол. Электронды жайнамаз – мүмкіндігінше әлем мұсылмандарының назарына ілігіп, ұлттық үлгіде жасалған қазақ жайнамазы шартарапты шарласа нұр үстіне нұр болар еді. Тоқетерін айтқанда, электронды құралдармен жабдықталып, құлаққа киетін дыбыс тыңдағыштары бар жайнамаз арқылы намаз сүрелерін дұрыс оқуға, намаз үркіндерін дұрыс орындауға қол жеткіземіз. Сондай-ақ, электронды жайнамаздың түгелдей қазақы нақышпен безендірілуі көңіл қуантады.

Азамат ТАЛАСИ.

 

Ұқсас жаңалықтар